ЭКСПО-2017 көрмесіндегі

Германия павильонына қош келдіңіз

«Германияда жасалған» энергетикалық революциясы

Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Германияның «Энергия – дұрыс жолда» павильоны

10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Қазақстанның астанасы Астана қаласында «Энергия – дұрыс жолда» ұранымен ЭКСПО-2017 көрмесі өтті. Шара адамзаттың ең маңызды мәселелерінің біріне назар аудартты. Өзінің «Германияда жасалған» энергетикалық революциясымен Германия осы салада әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады, сондай-ақ, ол жаңғыртылатын энергия көздерін кеңейтуде жетекші рөл атқарады.

Германияның «Энергия – дұрыс жолда» павильоны келушілерді соңғы технологияларды ұстап, сынап, байқап көруге шақырды. 600 000 келушілерді өзіне тартқан бұл павильон шоудың ең әйгілі павильондарының бірі болды. Мамандар да Германия көрмесіне жоғары баға берді. Халықаралық көрмелер бюросы (BIE) тақырыпты дамытқаны үшін Германия павильонына алтын медаль берді.

ЖАҢАЛЫҚТАР //

Германия павильоны ЭКСПО 2017 көрмесінде алтын медальді ұтып алды

10 қыркүйек 2017

ЭКСПО тақырыбын ашу бойынша павильон үздік деп танылды

Астана, 10 қыркүйек 2017 жыл — Германия Астанадағы ЭКСПО 2017 көрмесінде бірнеше сыйақыға ие болды: Германия павильонына «Тақырыпты үздік ашқаны үшін» алтын медаль берілді — осы жылғы ЭКСПО тақырыбы «Болашақ энергия» еді. Сонымен қатар АҚШ-тың беделді «Exhibitor» кәсіби журналы Германияны үш медальмен марапаттады.

Үш айдан соң Орталық Азияда бірінші рет орын алған халықаралық көрме 2017 жылдың 10-шы қыркүйегінде өз мәресіне жетті. Төрт миллионға жуық келушілер көрмені тамашалады.

* Баспасөз релиздері тек неміс тілінде бар.



 
 
"Германияда жасалған” Energiewende
Германия павильонында тартымды әрі түсінікті түрде ұсынылған тәжірибелік мысалдар келтірілген, энергияны өндіру, сақтау және тарату тақырыбындағы идеялар мен инновациялардың барлық түрін табасыз. Жаңартылатын энергия көздері және болашақтағы тасымалдау әдістерінің әлеуеті сияқты тақырыптар бойынша толығырақ ақпарат алу үшін әрі қарай оқыңыз.






Германия және Қазақстан
Қатысушы Германия және қабылдаушы Қазақстан мемлекеттері туралы толығырақ оқыңыз. Екі елдің ортақ байланыстары және ортақ тамырлары туралы біліңіз.